» » Ақтөбе ауылында спорт алаңы ашылды

Ақтөбе ауылында спорт алаңы ашылды


qarmaqshy-tany.kz Ақтөбе ауылында "Оңталап" шаруа қожалығының демеушілігімен спорт алаңы пайдалануға берілді.

Бұрын аталған ауылдың балалары мен жастары футболды шаңды бұрқыратып топырақта ойнайтын. Енді олар жаз айларында сырты қоршалған, табанына жасанды көгал төселген заманауи нысанда доп тебетін болды. Ал қыста корт іші хоккей ойнайтын, коньки тебетін мұз айдынға айналады.

Спорт нысанының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жергілікті балғын футболшыларға спорттық доптарды сыйға тартты. Енді жаттығуына барлық жағдай жасалған Ақтөбе ауылының командасы аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мол мүмкіндік алды.

Өз сөзінде аудан басшысы: "Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Сол себепті аудан әкімдігі тарапынан спортшыларды қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады" - деді.

Спортты жанына серік еткен жас ұрпақ әрдайым жеңіс туын биік ұстап, аудан абыройын асқақтата берсін!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қазан 2023 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031