» » Мектептің жантанушысы

Мектептің жантанушысы

qarmaqshy-tany.kz Қазір адамдар бұрынғыдай емес, психологиялық білім алып, өзін түзеуге, өзгертуге бейімделіп келеді. Рас, қоғамда психолог кеңесіне жүгінгендер көбейді. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде психологиялық қызметке ерекше көңіл бөлінуде. Жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, нақты шешімдер қабылдауы мектеп қабырғасынан бастап қаланады. Ал балаларға қатысты мектептегі мәселелерді шешу мен алдын алу үшін әр мектепте психолог жұмыс істейді. Соның бірі – Бағлан Нухиев.
Кейіпкеріміздің мектеп оқып жүргеннен-ақ психология саласына қызығушылығы оянады. Осылайша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің психология мамандығы бойынша оқуға түседі. Оны тәмамдаған соң Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейіне жұмысқа орналасады. 2015-2016 жылдары ауданымыздағы аграрлытехникалық колледжінде жұмыс істесе, 2017 жылдан бері Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте педагог-психолог болып еңбек етеді.
«Мамандықтың жаманы жоқ. Алайда, оның қай-қайсысына да бейімділік пен икемділік қажет екені белгілі. Психолог мамандығы – күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет ететін іс» деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Біздің әңгімемізге арқау болып отырған кейіпкеріміз бұл саланы өзінің жан қалауымен таңдағанын айтады.
– Негізінде әр адамның бала күнінде әр мамандыққа сәйкес өзіндік мінезі, қабілеті байқалып отырады. Сол сияқты менің де бала күнімнен әжем, анам осы салаға деген қабілетімді арттырып, яғни мақтау білдіріп отырды. «Сен үлкендермен жақсы тіл табысасың, кім-кімнің де көңілін тез табасың» деген сөздерді үнемі айтатын. Кейін келе өзіме де осы жас бүлдіршіндермен, балалардың қызықты мәселелерін тыңдап, солармен ішінара шешу ұнайды. Үлкен өмір жолын таңдағанда да осы салаға қызығушылық таныттым. Айтқым келгені психология саласының ең бір негізгі мақсаты – әр адамның көңілінен шыға білу, жеңіл тіл табысу олардың ой түкпірінде жатқан мәселелерді анықтау. Сондықтан бойымдағы өз қабілетіме сене отырып осы мамандыққа келдім, – дейді Бағлан Иманшаұлы.
Психолог болу өзгелердің ешкімге айта алмайтын ішкі сырын, жанын жегідей жеген мәселелерін ішінде сақтап жүретін үлкен жүректі талап ететін мамандық. Сырт қарағанда еш уайымсыз, қайғысыз балалықтың бақытты шағының қызығын көріп жүрген жасөспірімдердің жан дүниесіне үңіліп, ішкі сарайын ашып, мазалап жүрген мәселелеріне ортақтасуға бұл жанның септігі мол.
– Мектеп психологы балалармен психологиялық қызметтің әдістемелік, диагностикалық, кеңес беру, коррекциялық (түзету жұмыстары), ағарту және профилактикалық бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Топтық, жеке тренингтер өткізіп, балаларға жағымды көңіл күй сыйлаймыз. Біз, психологтар, оқушылармен әрдайым бір толқында жүреміз. Қандай бағытты, көзқарасты ұстанбасын, білім алушыларды қабылдаймыз, көмек береміз. Балалар көбінесе құрдастары арасындағы проблемалар, ата-анасымен қарым-қатынас мәселелерін айтып келіп жатады. Тренинг, консультация, жоспар бойынша сабақтар сынып жетекші немесе әкімшіліктің сұранысы бойынша бүкіл сыныпқа өткізіледі. Мысалы, интернетке тәуелділік, буллинг, стресс, психикалық денсаулық туралы, бейімделу процесі секілді мәселе бойынша оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргіземіз, – дейді ол.

Психолог – үнемі ізденуді талап ететін, адам жанына араша бола алатын айрықша мамандық. Мұны осы қызметте тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі маманмен сөйлескен аз-кем уақытта түсіне түстік.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
03 қазан 2023 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031