Конституция
» » Мектеп асханасындағы ыстық тамақ сапасына бақылау жүргізілді

Мектеп асханасындағы ыстық тамақ сапасына бақылау жүргізілді

qarmaqshy-tany.kz Жас ұрпақтың салауатты денсаулығын қалыптастыру үшін оқушылардың мектеп қабырғасында дұрыс, толыққанды тамақтануы маңызды. Қазіргі таңда еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға ыстық тамақ беру үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына және оның құнарлылығына аса мән берілуі тиіс. Мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс - аяқтың тазылығы, санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық - түліктің сапалы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Осы орайда, №26 орта мектеп асханасының талапқа сай жұмыс істеуін қадағалау мақсатында партияның аудандық филиалының жанынан құрылған партилық бақылау комиссия мүшелері мектеп асханасындағы барлық талаптардың орындалуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында бір күнгі мектеп басшысы бекіткен тамақтың ас мәзірі таныстырылды.
Беріліп жатқан тағам мөлшері өлшеніп, тағамның сапасы тескерілді.
Бір күндік сынамалар талапқа сай сақталған.
Келіп түскен тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификатпен салыстырылып қаралды.
Тағамдардың дайындалу технологиясы, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, қоймадағы азық-түліктің сақталуы тексерілді.
Қолданылатын ыдыс -аяқтың талаптарға сәйкес, болуы қаралды.
27 қыркүйек 2023 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031