«Kıtap Tіme»

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Kıtap Tіme» жалпы республикалық фестивалі ұйымдастырылды. Осы іс-шараға мен де өз үлесімді қостым. Фестивалдің басты мақсаты – кітапты насихаттау, кітап оқу мәдениетін көтеру. Сонымен қатар қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.

 Қатысушыларды Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есемсейітова  құттықтады. Кітап фестивалінде қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Іс-шарада «Мәдениеттің мәйегі – кітап» атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көрмеге «Кітап ал» дүкені өз кітаптарын сатуға ұсынды. Сондай-ақ «Білімділер алаңы», «Шебер қолдар алаңы», «Ертегілер қалашығы», «Абай ауылы» өз оқырмандарын қарсы алса, ақындар аллеясында «Менің жауhaр жырларым» атты жергілікті ақын-жазушылармен поэзия кеші өтті. Ал әдемі безендірілген кафе стиліндегі «Библио-coffee» қонақтар үшін тақырыптық үстелдер қойып, оқуға мерзімді басылымдар мәзірін ұсынды. Әдеби сұрақтарға жауап берген  қонақтарға тәтті кофелер берілді және bookcrossıng, photozone  ұйымдастырылды.

Кітап  фестиваліне зиялы қауым өкілдері, жастар,  кітапхана оқырмпндары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары,  жалпы 800-ге жуық қала тұрғындары қатысып, тамашалады.

 «Менің жауhар жырларым» поэзиялық рухани кеште гүл қыздардың сезімге толы жырлары оқылды. Қазана Өзденбаева сөз бастап, Ғазиза Әбілда жалғады. Гаухар Қожахметова, Салтанат Әбдіқалықова, Алтынай Берік сынды облысымыздың ақын қыздары өлең оқыды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Гүлжанат  КІРЕКЕС
23 қыркүйек 2023 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031