» » Аймақтағы маңызды мәселелер талқыланды

Аймақтағы маңызды мәселелер талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жылу беру науқаны қарсаңындағы, егін-терім кезіндегі маңызды мәселелер талқыланды. Қысқа дайындықтағы кейбір жайттар, әлеуметтік нысандардың құрылысы, егін жинау жұмыстарының қарқыны қаралды.

Аймақ басшысы облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің баяндамаларын тыңдап, алдағы міндеттерді белгіледі. Мәселен, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын жіті бақылауда ұстап, қажетті отын қорын уақытылы жеткізуді тапсырды. Облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалық күнделікті қадағалауды талап етеді. Егіс алқаптарындағы жұмыс қарқынын еселеп, күрішті уақытылы әрі ысырапсыз жинап алу керек.

Нұрлыбек Машбекұлы өңірде салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен жол құрылысына ерекше мән беріп, жұмыс сапасы мен мерзімін қатаң сақтау керек екенін қаперге салды.

Бүгінде Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қала күніне тарту етілетін нысандар құрылысы аяқталып қалды. Неке сарайы, "Анаға тағзым" орталығы, көпқабатты үйлердің қасбетіндегі, аулалардағы жаңғыртулар, көшелердің кеңеюі жұртшылықтың көңіл-күйіне оң әсер еткені байқалады. Алда жұмыс қарқынын бәсеңдетпей жоспарланған межеге жету үшін барлығы жіті қадағалауда болуы керек.

Жиында берілген тапсырмалар облыс әкімінің орынбасарларының бақылауында болмақ.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 қыркүйек 2023 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930