» » Тұрғындар ауыз суға алаңдамайды

Тұрғындар ауыз суға алаңдамайды

Бүгінде ауданға қарасты ауылдарда жыл сайын оң өзгерістер орын алып, инфрақұрылым қарқынды дамуда. Қаладағы жайлы жағдай, ауылдарда да көрініс тауып, тұрғындар тілегі орындалып келеді. Соның бір дәлелі — ауыз су мәселесінің шешілуі.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – аудан басшылығының күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселенің бірі. Осыған орай жақында Т.Көмекбаев ауылдық округінде барлық кезеңдік ауыз су құбыры ел игілігіне берілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов қатысты.

Аудан басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтап, таза ауыз судың игілігін көруге тілегін білдірді. Т.Көмекбаев ауылында су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобасы былтыр басталған-ды. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Корпорация Әлем Құрылыс» ЖШС жүргізіп, келісім-шарт бойынша биыл жұмыстарын толығымен аяқтады. Мұнда сыйымдылығы 250 текше метр екі су қоймасы бар. Нысанның ашылуына куә болған ауыл тұрғындары енді ауыз суға алаңдамаймыз деп қуаныштарын жеткізуде.

«Таза су – өмір нәрі» деген. Ауылымызда салынған жаңа құрылыстың халыққа берілгені біз үшін үлкен қуаныш. Көптен күткен таза ауыз су мәселесі өз шешімін тауып, елге пайдалануға беріліп жатыр. Бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толуы қарсаңында ауылымыздың 60 жылдық мерейлі мерекесіне үлкен тарту болып тұр. Осы іске мұрындық болған аудан басшысына ауыл тұрғындары және ардагерлер атынан үлкен алғысымызды айтамыз, – дейді ардагер ұстаз Сақтапберген Қосбаев.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
05 қыркүйек 2023 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930