Қызылордада жол құрылысы қарқынды
Бүгінде облыс көлемінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 82 пайыз, жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 87,5 пайызға жеткізіледі.
Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен 36 млрд. теңге бөлініп, өңірде ұзындығы 569 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өткізіледі.
Қала жолдарының сапасын жақсарту мақсатында барлығы 12 млрд. 473 млн. теңге бөлініп, 320 көшеде, атап айтқанда көлік көп жүретін Н.Назарбаев пен Астана даңғылдарында қайта жаңғырту, орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Сұлтан Бейбарыс көшесінің 4,2 шақырымы 4 жолақты, 1 шақырымы 6 жолақты жолға ауыстырылды. Көшелер көлік кептелісін болдырмау, жол қауіпсіздігінің алдын алу үшін кеңейтілді. Алдағы уақытта Яссауи көшесі 4 жолақты болады.
Аймақ үшін аса маңызды жобалардың бірі – Президенттің тікелей бақылауындағы, халық ұзақ күткен «Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысы. Жолдың ұзындығы 216 шақырым, биыл 140 шақырымнан астамы аяқталады деп күтілуде. Қалған бөлігі 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталып, халық игілігіне берілмек.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі