» » Жанданған жұлдызды қалашық

Жанданған жұлдызды қалашық

qarmaqshy-tany.kz Аудандағы ірі құрылыс жобаларының бірі – Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 қабатты 5 тұрғын үй құрылысы. Осы ретте, құрылыс жұмысымен танысу үшін Байқоңыр қаласына арнайы бардық.
Құрылыс алаңына жеткенімізде өзін Нұрталап Нұрұлла басқаратын «НұрТехСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске прорабы Абай Бағазиев деген азамат қазіргі таңда құрылыс басында жүріп жатқан жұмыстармен таныстырды. Ол 50 пәтерлік 5 қабатты 5 тұрғын үй құрылысын «НұрТехСервис» және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС құрылысшыларының күшімен салынып жатқанын айта келе, өзі басшылық ететін учаскеде 50­ден астам құрылысшы еңбек ететінін жеткізді. Олар бүгінде ғимараттардың ішкі құрылысын, яғни сылақ, электр желілерін жүргізу, шатырлау, есік­терезе салу және басқа да жұмыстарды атқаруда екенін баяндады. Құрылыс мекемесі 5 тұрғын үйдің 3­еуін, ал қалған 2­еуін «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС құрылысшылары салып жатқанын да атап өтті.
Сондай-­ақ, жұмысшылардың жартысы жергілікті тұрғындар. Олардың арасында Жарасхан Әбілмажанов, Кенжетай Еркебаев сынды құрыш қолды құрылысшылар, автокран жүргізушісі Нағашыбек Көшербаев пен маман Еламан Мүсірәлиевтер өздерінің өнегелі істерімен көпке үлгі болып жүргенін жеткізді.
– Жуырда аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жұлдызды қалашықта болған іссапарында мердігерлермен кездесіп, онда мекеме басшыларына осы жылдың 30 қарашасына дейін барлық жұмысты тәмамдауды, сондайақ бүгінде халық бұл күнді асыға күтіп отырғанын айтқан болатын. Біз де соған қолымыздан келгенше күш­жігерімізді салудамыз, – дейді учаске прорабы.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ

27 тамыз 2023 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930