» » Коронавирустың жаңа штамы тарауда: Қазақстанда шектеу енгізіле ме

Коронавирустың жаңа штамы тарауда: Қазақстанда шектеу енгізіле ме


Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова «Коронавирустың жаңа штамына қатысты карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Наурыз айының соңында омикронның жаңа штамы Eris тіркелді, қазір ол бүкіл әлемге тарап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда, омикронның бұл түрі 45 елде бар. Кейінгі 5 аптада осы штамм өте тез тарады. Егер 5 апта бұрын оның омикрондағы жалпы үлесі 5% болса, қазір ол 12 пайызға жетті», – деді А.Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Спикердің айтуынша, Eris-тің омикронның басқа штамдарынан айтарлықтай ерекшелігі байқалмаған. Яғни бұл штамм жұқпалы болғанымен, оны науқастар жеңіл еңсеріп жатыр және ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Коронавирустың барлық түрлері сияқты ол егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары барлардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.
Тілшілер вице-министрден: «Жаңа штамның таралуынан карантиндік шектеулер енгізілуі мүмкін бе?», – деген сұрақ қойды.
«Қазір бұл туралы айту әлі ерте. Әзірге, қолда бар деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі аса ауыр болады деген ақпарат жоқ. Бұл штамм көп жағдайда жеңіл өтіп жатыр. Қауіп әлі де жүкті әйелдерге, созылмалы аурулары барларға және қарт адамдарға ғана төніп тұр. Жалпы, карантин немесе шектеу шараларын енгізу қарастырылмаған», – деп қосты Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, жақында Үндістанда коронавирустың жаңа түрі – Eris анықталғанын жазған болатынбыз.
10 тамыз 2023 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930