» » Найзағай, бұршақ - бірнеше өңірде ауа райы бұзылады

Найзағай, бұршақ - бірнеше өңірде ауа райы бұзылады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 6 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласында 6 тамызда таңертең және күндіз найзағай болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. 6 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай болады. Облыстың орталығында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-39 градус сақталады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 6 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз қатты ыстық 35-37 градус сақталады. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 6 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

6 тамызда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-41 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 6 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай болады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метр болады. 6-08 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. 5-7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. 6 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 6 тамызда таңертең және күндіз найзағай болады.

6 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз бұршақ болады. 6 тамызда облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. Түнде және таңертең тұман болады.

6 тамызда Ақтөбе облысының шығысында найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 25 м/с. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. 6 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. Кей уақытта шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. 6 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда түнде Ақмола облысының шығыс жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетау қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с болады. 6 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында бұршақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 6 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі болады. Павлодар қаласында 6 тамызда таңертең және күндіз найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

6 тамызда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 6 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қаласында 6 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 6 тамызда күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

6 тамызда күндіз Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 6 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда Қарағанды облысының күндіз орталығында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай болады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр. 6 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 6 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. 6 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 6 тамызда күндіз найзағай болады. 6 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

massaget.kz
06 тамыз 2023 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031