Құрылтай
» » Қазақстан барысына пәтер берілді

Қазақстан барысына пәтер берілді

Қазақстан барысына пәтер берілдіЖамбыл облысының әкімі балуан Ғалымжан Қырықбайға пәтер сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Таразда Астана күніне орай ашық аспан астында «Еңселі Елордам» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты іс-шарада Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов көпшілікті елорданың 25 жылдығымен құттықтады.

Нұржан Нұржігітов жуырда «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанып, жерлестерінің мерейін асырған Ғалымжан Қырықбайдың жетістігін айрықша атап өтті.

41 балуанның ішінен үздік шығып, еліміздің бас балуаны атанған спортшыға Тараз қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Ал оның жаттықтырушысы Бахтияр Ақбергеновке 2 миллион теңгенің сертификатын берді.

baq.kz​​​
07 шілде 2023 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31