» » Облыс тұрғындарының 84,2 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Облыс тұрғындарының 84,2 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Бүгінде МӘМС жүйесіне сақтандырылған өңір халқының үлесі 84,2 пайызды құрады. МӘМС жүйесін енгізумен жоғары технологиялық, консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтердің, медициналық оңалтудың қолжетімділігі айтарлықтай артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаева хабарлады.

- МӘМС жүйесінің басты артықшылықтарының бірі - табысына, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан денсаулықты сақтауға тең құқықтар. Медициналық қызметтерді алу үшін барлық сақтандырылған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Облыста олардың саны 107 және медициналық ұйымдар саны жыл сайын артып келеді. Жалпы облысымызда былтырғы жылмен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтар саны 3,3 пайызға азайған. Бұл МӘМС жүйесінің оңтайлы қызмет көрсетуінің дәлелі десек болады. Соңғы 3 жылда зертханалық талдаулардың және аспаптық диагностиканың қолжетімділігі 5 есеге артты. Сонымен қатар МӘМС жүйесі арқылы КТ мен МРТ көмегін алу біршама жеңілдетіліп, 47,8 мың қызметті құрады. Ал ересек пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қызметін алу екі есеге өсті. Медициналық сақтандыру жүйесінің тағы бір артықшылығы пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету болып табылады. Осы арқылы облыста 600 мыңнан астам адам аталмыш қызметтің көмегіне ие болады. Бұл сапалы медициналық қызметтер өңір халқының денсаулығына оң әсерін тигізуде деп білемін, - деді Жұпар Алтынбекқызы.
09 маусым 2023 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 220

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 326

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930