» » Біздің үйдің байлығы – кітап

Біздің үйдің байлығы – кітап

qarmaqshy-tany.kz Әр адамның қызығушылығы әртүрлі. Біреу алтын-күміс жинағанды тәуір көреді. Біреу – бау-бақшаны. Енді біреу ескілікті бұйымдар жинақтап, жәдігерге айналдырады. Ал енді бір адамдар кітап жинап, рухани байлықты жоғары қояды.
Осылардың ішінде соңғысына тоқтала кетер болсақ, кітап деген бөлек дүние ғой. Оның сол бала кезгі күнінен бастап кешегі бір жылдары ата-анасының қартайып, еңкейген тұсында да қос қарияның қолынан кітап түспегені – қазірге дейін жарқын естеліктей санасында сақтаулы. Әкешешесінің кітапқұмарлығы бұларға да жұғысты болды. Жай жұғып қана қоймай, отбасындағы бауырларының да болашағына сәулесін түсірді. Кітап деген қадірін білген жанға тұнып тұрған нұр емес пе?!

Иә, біз сөз етіп отырған Перуза Сайдалиева бүгінде білім саласының ардагері, ардақты ана, аяулы жар. Немерелерінің асыл әжесі. Оның есімі білім саласына кеңінен танымал. Оны танымалды еткен де көп ізденіп, кітапты көп оқитындығы. Мектептегі шәкірттері мен отбасындағы ұлқыздарының біліміне де жай қарамай, барынша зейін салатын. Ата-анадан алған өнегесін өміріне азық етумен қатар, кейінгі ұрпаққа бере білгені – әрине ұстаздың мемлекет болашағына жауапкершілікпен қарағаны деп ұғынуға болады.

П.Өміртайқызы Қызылорда қаласының тумасы. №43 орта мектептен 8 жылдық білім алған соң М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін 1973-1977 жылдары «Бастауыш сынып және пионер вожатый» мамандығы бойынша бітіреді. Дипломды жас оқу орнын бітіре сала №253 мектепке бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастайды. Ұстаздық ете жүріп жоғары білімді «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын да меңгереді. Себебі жастайынан есепқисапқа жүйрік оған бұл пәнді игеру қиынға соқпады. Сол баяғы кітапты көп оқитындығы, әке-шешесінен алған тәлім-тәрбиесі алдынан бағдаршам болып жол көрсетіп отырды.

Қыз баланың бір мұраты – тұрмыс құру десек, 1984 жылы ол қармақшылық Бұлақбаевтар отбасына келін болып түседі. Мұрат есімді азаматпен бас құрап, ұл-қыз өсіреді. Отағасы да теміржол саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, бұл күнде зейнеткерлік демалысына шыққан.

– Қарапайым отбасында өстім. Әкем – Өміртай қызметкер болса, анам – Шаһарбану үй шаруасы, бала тәрбиесімен айналысты. Екеуі де 90 жас жасаған кісілер. Әкемнің ерекшелігі – қолынан кітабы түспейтін. Соңғы күніне дейін әдеби кітап оқумен болды. Анамның да кітап дегенде көңілі бөлек еді. Сонымен қоса, он саусағынан өнері тамған ісмер-тін. Киім тігетін, кілем тоқитын. Біз жанұяда 7 қыз, 3 ұл, барлығымыз 10 ағайынды болдық. Мен қыздардың екіншісімін. Бәріміз де жоғары, арнайы оқу орнын бітірдік. Оның 5-еуі мұғалім, 2-еуі медбике, аспазшы мамандығымен қызмет атқарды. Таза қазақы тәрбиемен ержеттік. Қыз балалар анамызбен бірге кілем, басқа да тоқыма тоқып, ұлттық дәстүрді бойымызға сіңірдік. Жалқаулыққа жол бермедік. Еңбекті сүйдік. Алланың бұйрығы шығар, Қармақшыға келін болып, мұғалімдік мамандығымды осы жақта жалғастырдым. 1985 жылы Жосалы кенті орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепке мұғалім болып орналасып, оқушыларды бастауыш сынып, математика пәнінен білімге сусындаттым. Зейнетке шыққанша мектебімнің қоғамдық жұмыстарына ат салысып, үлесімді қостым, – дейді ардагер ұстаз.

Апайымыз 1 ұл, 3 қыздың ардақты анасы. Қуаныш – Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінен «Информатик-программист» мамандығын алып, қызмет істеп жүр. Индира – 9 сыныптан кейін Қызылорда педагогикалық колледжін қызыл дипломға бітірсе, жоғары білімді Алматы Мемлекеттік университетінен алған. Қазір республикалық «Физика-математика» мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет етуде. Айгерім – Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы медициналық академиясынан «Дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдап, Жосалы кентінде учаскелік дәрігер болып денсаулық саласында науқастарға сапалы қызмет көрсетуде. Айша – Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық университетін бітіріп, ол да Алматыда «Физика-математика» мектебінде мұғалім.

Отбасындағы баланың қайсысы болса да, кішіпейілдігімен, білімімен ерекшеленеді. Бұл ретте Перуза Өміртайқызының өз айтары да жоқ емес.

– Ұлымызды кішкенесінде әжесі тәрбиеледі. Ал, мен балаларымды газет-журнал, кітап оқуға жастайынан үйреттім. Олар оқушы кезінен-ақ «Балдырған» журналының, «Ұлан» газетінің тігіндісін жинады. Әліге дейін жанұямызбен кітап оқығанды сондай жақсы көреміз. Мен қыздары ма алдыңа мақсат қойып, соған жетуге еңбектеніңдер, сол жолда шарша¬ маңдар, деп тәлім бердім. Өйткені мені де әке-шешем солай тәрбиеледі. Мен де сол ата-анамның маған берген бағыт-бағдарын ұстандым. Шүкір, балалар барлығы жанұялы, қызметте. Ұлдан 4 немере, қыздардан 8 жиен немере сүйіп отырмыз. Мектепте тәрбие жұмысымның негізгі бағыты етіп – адамгершілікті алатынмын, балаларыма да, оқушыларыма да ешуақытта адамның наласына қалмаңдар деп көп айтатынмын. Қолыңнан келіп тұрса, танымасаң да көмектес. Елдің алғысын алған дұрыс, жолың ашылады деп отыратынмын. Өмірлеріңнің мәнді болғанын қаласаңдар осыны ойдан шығармай, тіршілік етіңдер дегенді құлақтарына құятынмын. Осы уақытта да кітапты көп оқимын. «Отбасы хрестоматиясының» толық жинағын оқып жатырмын, бір байқағаным – балаларыма дұрыс бағыт берген екенмін. Немерелерден қолым қалт етіп жатса, қоғамдық жұмыстарға септігімді тигізгенді қош көремін. Ауданның ата-аналар пулінің мүшесі ретінде бала тәрбиесіндегі тәжірибеммен ісшараларда бөлісіп жүрмін, – дейді ұлағатты ұстаз Перуза Сайдалиева.


Сәрсенкүл АҚКІСІ
20 мамыр 2023 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930