» » Бар мейірім отбасынан басталады

Бар мейірім отбасынан басталады

qarmaqshy-tany.kz Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекетіміз көп көңіл бөлуде. Қазақ халқы ежелден «Отан – отбасынан басталады» деп шаңырақтағы шаттыққа, жарымен жарасым табуға, жасыл құрақтай жайқалған ұлқызына тәлім-тәрбие беруге, ағайын-туғанның арасында сыйластық орнауына ерекше көңіл бөліп, оның құндылығына айрықша мән беріп, сақтап келеді.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Әрбір адамзат баласының бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын пейілмен баланың көкірегінде орын алады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ даналары айтқандай, ұлын ұлтжанды, қызын инабатты етіп өсіру – ол әр ата-ананың міндеті.

Міне, осындай ұғымды санасына сіңірген, отбасылық құндылықты бірінші кезекке қойып, көптің құрметіне бөленген жас отбасыларының бірі – Жосалы кенті тұрғындары Еркін және Мөлдір Қабыловтар.

Аудан орталығындағы №26 орта мектепті тәмамдаған соң әскер қатарында азаматтық борышын өткеп келген Еркін Мүсілімұлы еңбек жолын аудандық ішкі істер бөлімінде күзетші болып бастайды. Жылдар өте сала басшылығы оның қызметке деген жауапкершілігін бағалап, уақытша ұстау изоляторына ауыстырады. Бүгінде ол сол бөлімде полиция старшинасы болып аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адал қызмет етуде.

«Мен Жосалы кентінің тумасымын. Әкем Мүсілім аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жыл қызмет еткен. Осы саладан зейнеткерлікке шыққан. Анам сауда саласында еңбек еткен. Ол да құрметті зейнеткер болған. Бірақ, өкінішке орай екеуі де өмірден өтті. Десе де, 7 ұл-қыз өсіріп, әрқайсысының қоғамда орнын сайлап алуына еңбек сіңірді. Мен әкем сияқты ішкі істер органында қызмет етуді армандаған болатынмын. Ол да орындалып, бүгінде туған халқымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге перзенттік парызымды қосып келемін. Отбасылымын, Өмірлік серігім Мөлдірмен бірге 4 қыз тәрбиелеп отырмын», – дейді ол.

«Еркін полиция бөліміндегі еңбекқор, талапшыл, ұжымдастары арасында сыйлы да қарапайымдылығымен танылып жүрген қызметкер қатарында. Отбасында үлгілі әке, ағайын, қатарластары арасында ардақты, құрметті азамат. Қоғамдық жұмыстардың белсендісі. Азаматтығымен, қызметке деген жауапкершілігімен танылған ол бірнеше рет басшылық тарапынан мадақтамаларға ие болды», – дейді әріптесі туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қанат Ерманов.

Полиция старшинасы ел алдындағы елеулі еңбегі үшін бірнеше рет аудан әкімінің Алғыс хатымен, аудандық, облыстық салалық басшылықтың Грамоталарымен, сонымен қатар «Мінсіз қызметі үшін – 10-15 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Ал, бақытты шаңырақтың отанасы Мөлдір Жаңабайқызына келсек, ол да Жосалы кентінің тұрғындары Жаңабай Сыдықұлы мен Гүлнар Мағзұмқызының бақытты отбасында дүниеге келген. Аудан орталығындағы №105 мектеплицейінде білім алып, оны тәмамдаған соң Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата мемлекеттік университетінде «Химия және биология» пәні мамандығы бойынша жоғары білім алып, бүгінде аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектепте пән мұғалімі болып шәкірттерге тәлім беруде.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай ақын айтқандай, бүгінде өзім бала жасымнан армандаған химия және биология пәні бойынша білімім мен өмірден түйгенімді шәкірттерімнің бойына сіңіруде еңбек етіп жатырмын. Отбасымызда 4 қыз тәрбиелеудеміз. Шаттығым, Арайлым, Нұрайлымымыз №121 орта мектепте озат оқушылар қатарында болса, кішкентайымыз Ясина балабақшада. Жас отбасымыз, ұрпақ тәрбиелеуде анамнан, енемнен алған үлгі-өнегені, қазақы келіндерге сай қасиеттерін бойыма сіңірдім. Олардан алған ақыл-кеңестерін балаларыма берудемін. Тазалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету әрине, қазақ келіндеріне жарасымды қасиет. Бұл ретте, мен де анамнан қазақы дәстүрді санамда сақтадым. Әсіресе, енемнің әрбір айтқан ақылы, істеген ісі көкірегімде сақтаулы. «Абысын тату болса ас көп» дегендей, абысын-келіндеріммен татумын. Ағайынтуыс, көрші-көлем, достарымның арасында да жақсы қарым-қатынастамын. Отбасы деген сұраққа келсек, ол кіші Отаның, ұрпағыңның алтын бесігі. Отбасым – тірегім. Осындай шаңырақ астында өмірлік серігіммен бақытты өмір сүріп жатқан жайым бар. Үкімет тарапынан да біздердей жас отбасыға қолдау көрсетілуде. Жұмыспен қамтып, жұмыссыздарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие беріп, олардың қоғамнан өз орындарын табуына жағдай жасалуда. Одан артық бізге не керек», – дейді бақытты жас отбасының отанасы Мөлдір Жаңабайқызы.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
17 мамыр 2023 ж. 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031