» » «109» байланыс орталығы 24/7 жұмыс істейді

«109» байланыс орталығы 24/7 жұмыс істейді

Шаһарда 2020 жылдан бастап барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла мәлімдеді.
-Бүгінгі таңда байланыс орталығы 62 мекемемен тығыз байланыста. Орталықтың басты артықшылығы - көптеген мәселелерді қашықтықтан шешеді. Инспектор-операторлар халықтан өтінімдерді тәулік бойы қабылдап, тиісті мекемеге жолдайды, орындалуын қадағалап, тұрғынмен кері байланыс орнатады. Тұрғындар 109 номеріне қоңырау шалу арқылы өзінің тұрмыстық өтініштерін жеткізе алады,-деді Сәбит Ибадуллаұлы.
Бүгінде байланыс орталығында тұрғындардың өтініш жібере алатын құралдар ауқымы кеңейтілді. Атап айтсақ, Call-орталық 109; көмек-109 мобильді қосымшасы (AppStore / Playmarket); WhatsApp +7 (771) 700 01 09: Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook желілері арқылы өтінім қабылдайды.
- «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» веб-браузер арқылы өтінімдерді қабылдайды және өңдейді. Сондай-ақ, аймақтағы жедел жағдайды бақылайды. Байланыс орталығы осы уақытқа дейін 400 мыңнан аса қоңырау қабылдап, тиісті мекемелерге жіберген. Облыс тұрғындары тарапынан «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» қызметіне келіп түсетін өтінімдердің тез және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қала, аудан әкімдігінің дербес бөлімдеріне әдістемелік оқыту жұмыстары жүргізілген болатын. Атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беруде.
«109 – Бірыңғай байланыс орталығы» қызметінің мақсаттарының бірі тұрғындардың мәселелерін шешуде нақты бағдар беру болып табылады, - деді «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-і директорының міндетін атқарушы Руслан Бүркітбаев.
@ Өңірлік коммуникациялар қызметі
16 мамыр 2023 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 740

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031