» » Ақайда кір сабын өндірісі қолға алынды

Ақайда кір сабын өндірісі қолға алынды

qarmaqshy-tany.kz Аймағымызда іске епті, белсенді кәсіпкерлер күн санап артуда. Елімізде өндіріс саласын көбейтуді көздеген олар өнімдерімен бүгінде халықты қамтамасыз етіп келеді. Ал, өнімге оң бағасын берген тұтынушылар кәсіпкерлердің ісін одан әрі шыңдауға дем беруде. Жақында ауданға қарасты Ақай ауылында тың бастама қолға алынды. Жеке кәсіпкер Ғанибек Серікұлы кір сабын шығаратын шағын цех ашты.
Жағымды жаңалықты естіп, ел болып бізде бәрекелді дестік. Өйткені аймақта мұндай өндіріс саласы кенжелеп қалған. Енді ғана бой көрсетіп келеді. Одан бөлек, қазір халық химиялық қоспасы жоқ табиғи таза өнімдерді қажет етеді. Ашылғанына көп болмаса да Ғанибектің шағын цехынан шыққан өнімге жергілікті тұрғындардың сұранысы күн санап артуда. Олар жеке кәсіпкердің бұл кәсібін қолдап отыр.

– Кір сабын шығаруды жыл басынан бастап жоспарладық. Оның пайдасы мен шығынын зерттеп, жанжақтан сұрастырдық. Кәсіпті бастауда туған ағам Манарбек көп көмектесті. Екеуіміз қаржы жинап, осы істі аяғына дейін жеткізуді қолға алдық. Сөйтіп, Тараз қаласынан сабын шығаратын құрылғыны алып, сол жақтан оны қалай қолдану керегін үйрендік. Шүкір бастамамыз жаман емес, нәтижесін беріп жатыр. Кір сабынды дүкендерге шығардық. Қазір Төретам, Ақайдан сұраныс көптеп келуде, – дейді жеке кәсіпкер.

Шағын цех күніне 1000 дана кір сабын шығаруға қауқарлы, тіпті одан да көп шығара алады. Алайда, Ғанибек шикізатына қарай бір күнде 150 дана кір сабын шығарып отырғанын айтады. Салмағына қарай 150- 200 грамнан екі түрін жасауда.

– Өнімнің шикізатын әр қаладан алдыртып отырмыз. Тараз, Өзбекстан, Ақтау, Алматыдан келеді. Бағасына қарай әрекет етеміз, жол шығына бар дегендей. Ең бастысы табылып жатқанына қуанамыз. Бұйырса, кәсібіміз алға басып жатса кеңейту жоспарда бар. Ол кезде өнімнің түр-түрін шығарамыз. Соның ішінде иіс сабынның ұнтақ және сұйық түрлерін өндіріп, халыққа ұсынатын боламыз, – дейді Ғанибек Серікұлы.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 мамыр 2023 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (10334)

30 тамыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 368

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30