» » «Жас ғалым – 2023» байқауы

«Жас ғалым – 2023» байқауы

qarmaqshy-tany.kz Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны әрі қарай жетілдіруге жөн сілтеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қашанда болсын ілгерілеуге апаратын алғышарт сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Сол үшін білімгерлердің қабілетін зерттеу, олардың дарындылығына зер салып, келешек өмірге, қоғамға тигізер пайдасын білу қажет. Осы орайда, академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде Шолпан Өмірзақованың ұйымдастыруымен білімгерлер арасында «Жас ғалым – 2023» ғылыми жобалар байқауы өтті.

Мақсаты – колледж студенттерінің ғылыми зерттеуге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін таныту, дамыту. Өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру.

Ғылыми жобаны қорғауға 13 білімгер өз жұмысын ұсынды. Атап айтсақ, «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік жаһандану мен тіл тазалығы» атты жобаны Ермұрат Мақсұтов, «Олжас Сүлейменов» тақырыбында Азамат Сейталиев, «Ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Мүйізді ірі қараны көбейту» жобасын Еркебұлан Жарылқапов, «Сымсыз жергілікті желі Wi-Fi-дың қоғамдағы маңызы, пайдасы мен зияны» туралы Жұлдыз Санкибаева, «Құрылыста қолданылатын материалдар түрлері» жайында Нұргүл Кеңесова, «Язык манипультривание в сфере рекламы и потребитель» тақырыбында Камила Досымбекова, «Кәсіпорындағы тауарлардың қозғалысын автоматтандыру» тақырыбында Нұрбақыт Сұлтанбаева, «Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш» тақырыбында Әли Маханбет, «Компьютерлік вирустардың зияны» тақырыбында Арман Сапен, «Планеталар және халқымыздың ғарыш әлемі туралы түсінігі» тақырыбында Бекзат Серіков, «Алтын қима» жобасы бойынша Нұржанай Жаңабергенова, «Волейбол ойыны» тақырыбында Айтолқын Оразова, «Баскетбол ойыны» туралы Диас Ералиев өз жаңалықтарымен бөлісті.

Жобаның қорытындысымен І дәрежелі дипломмен Еркебұлан Жарылқапов (жетекшісі Гүлжазира Әлімқызы), ІІ дәрежелі дипломмен Әли Маханбет (жетекшісі Жанар Бахытжанқызы), ІІІ дәрежелі дипломмен Нұрбақыт Сұлтанбаева (жетекшісі Альбина Ақашова) марапатталса, қалған қатысушыларға сертификат табысталды.
Жанар НАЗАРБАЕВА,
академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары
колледжінің жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі
09 мамыр 2023 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031