» » Үздік оқытушы – Қармақшыда

Үздік оқытушы – Қармақшыда

qarmaqshy-tany.kz Жақында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы – 2023» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Онда облысқа қарасты аудандар мен қаладан 7 маман сынға түсті. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді авторлық бағдарлама арқылы оқытатын шығармашыл әлеуеті бар оқытушыларды анықтау, қолдау және олардың авторлық әдістемелерін кеңінен тарату.

Мемлекеттік тілді оқыту мамандарының байқауында алғашқы сөз облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмахановқа берілді. Ол мемлекеттік тілді оқытудың маңыздылығына, тіл саясатының қажеттілігі туралы ой бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушылар «Авторлық бағдарлама», «Сұрақ-жауап», «Жағдаят» тапсырмаларын орындау секілді үш кезең бойынша бақ сынады. Облыстық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушылары өзара бақ сынасып қана қоймай, кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, ересектерге мемлекеттік тілден сабақ берудің сапасын арттырудың оңтайлы әдістерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Байқау нәтижесінде аудан бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы, бұрынғы әріптесіміз Гүлжанат Дүзенова I орынға лайық деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.

– Жалпы 7 маман сынға түстік. Әрине, бұл қызметке келгеніме 3 ай ғана болғандықтан қорқыныш болды. Десе де, бар қабілетімді, білімімді көрсетуге тырыстым. Алғашқы кезеңнің тапсырмасы өзіңнің жеке авторлық бағдарламаңды құрастыру болды. Менің жастайымнан ақындық өнерге, шығармашылыққа жақын болып, өлеңді өміріме серік еткендіктен «Өнер және тіл, Өлең құрай біл» деген тақырыпта авторлық бағдарлама дайындап апардым. Ондағы мақсатым – тіл үйретуді ақындық өнермен, өлеңмен ұштастыру. Бұл сайыстың басты көздегені де өзіндік оқыту үлгісі бар ұстазды өзгеге үлгі ету, марапаттау. Келесі кезең сұрақ-жауап болды. Ал, үшінші кезең жеребе арқылы бұйырған тақырыпқа, алдыңа берілген тыңдаушылармен сабақ өту. Бұл – ұстаздың нағыз біліктілігін, білімін, жан-жақтылығын шыңдайтын, анық көрсететін кезең. Маған ұлттық тағамымыздың бірі – «Құрт» туралы сабақ өту бұйырды. Күнделікті жасап жүрген дүнием болғандықтан, аса тосыла қоймадым. Таныс орта болмаса да сабақты ерекше етіп ұйымдастыра алдым деп ойлаймын. Әділқазылар әр кезеңді бағалай келе жоғары баға берді. Енді Атырауда өтетін республикалық кезеңге қызу дайындық үстіндемін, – дейді жеңімпаз оқытушы.

Иә, Гүлжанат Өмірқызының бұл салаға енді келгеніне аз уақыт болса да үш топ оқытып, түрлі іс-шаралар өткізіп үлгерген. Көздегені – мемлекеттік тілдің мәртебесін, тіл саясатын жүзеге асыру. Көзі қарақты оқырман бұған дейін Гүлжанаттың «Қармақшы таңы» газеті бас редакторының орынбасары болғандығын жақсы біледі. Қазіргі жаңа қызметтінде де жақсы қырынан көрініп жатқанына қуаныштымыз. Ұлы мақсатты ұлықтап жүрген әріптесіміздің келесі сыннан да сүрінбей өтуін тілейміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
03 мамыр 2023 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031