» » Қызылордада «Ұлттық киім - ұлт ажары» байқауы өтті

Қызылордада «Ұлттық киім - ұлт ажары» байқауы өтті

Бүгін Қызылордада бәйгеден ҚР чемпионаты аясында «Ұлттық киім – ұлт ажары» атты облыстық ұлттық киімдер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев қатысты.

Еске салсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақордада өткен ауызашар дастарханында ұлттық нақыштағы киім үлгілерін күнделікті кең қолданысқа енгізудің маңызын атап өткен еді.

«Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында не болмаса басқа мерекелерде ғана емес, күнделікті киіп жүрсе жарасымды болар еді», - деді Мемлекет басшысы.

Байқауға 53 қыз-келіншек қатысты. Ұлттық киімдер қазақ дәстүріне сәйкестігі, дайындау шеберлігі мен шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды.

Іс-шараның демеушісі 1 миллион теңге жүлде қорын ұсынды. Байқау нәтижесімен I орын алған жеңімпаз 500 000 теңге, II орын иегері 300 000 теңге, III орын жүлдегері 200 000 теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қазылар алқасының төрайымы, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжі директоры Ұлжан Байбосынова жеңімпаздарды құттықтап, болашақта осындай тағылымды іс-шаралардың жиі өткізілуіне тілектестік білдірді.
22 сәуір 2023 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031