» » 18 жасқа дейінгі балаларға ортодонтиялық көмек МӘМС есебінен көрсетіледі

18 жасқа дейінгі балаларға ортодонтиялық көмек МӘМС есебінен көрсетіледі


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына МӘМС жүйесіне, медициналық көмектің сапасына қатысты өзекті мәселелермен тұрғындар жүгінеді. Ерекше бақылауда – кішкентай пациенттердің құқықтарын қорғау.

Қызылорда тұрғыны Гүлжауһар Нұрекеева көмек сұрады. Немересі ерін мен таңдай жырығымен дүниеге келген. Үш айлық Айзердің ата-анасына ортодонт дәрігерінің кеңесі қажет. Алайда, тұрғылықты жері бойынша емхана дәрігерлері тиісті жолдама бермеген.

«Дәрігерлер КМАЖ (кешенді медициналық ақпараттық жүйе) бойынша стоматологиялық клиникалардың бірінде осы қызметтерді алуға жолдағанын хабарлады. Біз ол жаққа барғанымызда, тегін медициналық қызметтерге жолдама берілмегені белгілі болды. Сондықтан клиника бізге «қоян жырық» түзету ақылы қызметтерін ұсынды. Бірақ біз бас тарттық», - дейді Гүлжауһар Нұрекеева.

Бұл мәселені шешуге ӘМСҚ-ның облыстық филиалының мамандары қосылды. Ата-аналарға жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға МӘМС қызметтерінің қандай түрлері қолжетімді екендігі түсіндірілді.

«Қордың филиалы Айзеренің ата - аналарына ортодонттың кеңесін, стационарлық емдеу бойынша ұсынымдарды алу үшін медициналық ақпараттық жүйеге жолдама енгізуге қол жеткізді», - деді медициналық көмек көрсету сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Гүлнара Кенжебаева.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтарыңызбен мына мекен-жайға жүгіне аласыз: Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 32, байланыс телефон нөмірлері: 8 /7242/ 55 10 16, 55 10 17.
18 сәуір 2023 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031