» » Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың зайыбы Дәмеш Ермекова-Жүргеноваға көше аты берілді

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың зайыбы Дәмеш Ермекова-Жүргеноваға көше аты берілді

Сыр елінде АЛЖИР азабын тартқан қайраткер ана, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері Дәмеш Ермекова-Жүргенованың есіміне құрмет көрсетіліп, көше атауы берілді.

Ескерткіш тақтаның ашылу шарасына облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, «Темірбек Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы С.Аңсат, Халықаралық “Turksoy” ұйымының бас хатшысы С.Раев, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы мәслихатының төрағасы Р.Б.Әбеуов және зиялы қауым өкілдері, ағайын-туыстары мен қала тұрғындары қатысты.
Шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ізгі лебізін жеткізді.
«Қазақтың небір жайсаңдары мен марқасқаларының басына қара бұлт үйірген 1937 жылғы қудалауда тек зиялы азаматтар ғана емес, сонымен қатар, өмірлік жарлары, білімді, білікті аналар да зобалаң құрығынан құтыла алмады. Міне, сондай жандардың бірі – Қазақстан халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтың зайыбы, білімді қазақ қыздарының қарлығашы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген дәрігері Дәмеш Әмірханқызы Ермекова еді. Оның еңбегі мен өмір жолы бүгінгі жас ұрпаққа өнеге», - деді Н. Сақтағанов.
Дәмеш Әмірханқызы Ермекова 1905 жылы Қарағанды облысы, Қазақ ауылында дүниеге келген. Орта білім алғаннан соң, Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетін 1929 жылы бітіріп, 1929-1933 жылдары Ташкент медициналық институтында оқытушы болды. Ташкент қаласында Нарком Темірбек Жүргеновпен танысып, отау құрып, 1938-1946 жылдары «Халық жауының» жары ретінде 8 жыл АЛЖИР-де отырды.

1956-1973 жылдары Алматы медициналық институтында оқытушы қызметін атқарды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Алматы қаласының «Құрметті азаматы» атанды.

Жиынға келген халық Дәмеш Ермекова-Жүргенова анамыздың атына көшенің берілуі тәуелсіздігіміздің жемісі, ұлт тұлғаларын ұлықтаудың шынайы көрінісі екенін айтты. Сонымен бірге «Темірбек Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы С.Аңсат және Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы мәслихатының төрағасы Р.Б.Әбеуов сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.
14 сәуір 2023 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 766

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930