» » Қызылордалық жас батырлар өздері үлгі тұтатын спортшылармен кездесті

Қызылордалық жас батырлар өздері үлгі тұтатын спортшылармен кездесті


Бүгін Астана қаласында оқыс оқиға кезінде жасаған батыл әрекеттері арқылы адам өмірін қорғап қалған қызылордалық 4 жас батырлар өздері үлгі тұтатын спортшылармен кездесіп, марапатталды.

Олардың қатарындағы ең кішкентайы - тоғыз жасар Жансерік Әлім. Ол өрт кезінде қарындастары мен інісіне көмек көрсетті. Ал Әмірхан Абай мен Нұрболат Ермағамбет және Сұлтан Малқаджар суға батып бара жатқан досын құтқарып қалған.

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен бүгін осы сырбойылық батыр балалар ерліктері үшін елорда төрінде марапатталып, белгілі қазақстандық спортшылармен, боксшы, әлем чемпионы Мерей Ақшаловпен және Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары Исламбек Қуат, Михаил Габышевпен кездесті.

Танымал спортшылар балалардың ата-аналарына олардың жасаған ерлігі үшін өз алғыстарын білдіріп, олардың батыл әрекеттері бүгінгі күні көпке үлгі екенін айтты.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
07 сәуір 2023 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930