» » Қазақстанға визасыз келе алатын елдер саны артады

Қазақстанға визасыз келе алатын елдер саны артады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ішкі туризмді дамыту бағытындағы шараларға тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы туризмді дамыту мәселелерін айрықша атап өтті. Курортты аймақтардың инфрақұрылымын арттыру мақсатында автомобиль жолдарын салу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар курортты аймақтарды мобильді байланыспен 100% қамту қолға алынады. Әрине, аталған жұмыстарды іске асыруға қосымша қаржы қажет. Осы орайда елді мекендерден тыс жерлердегі және ұлттық парктер аумағындағы туристік нысандар инфрақұрылымын дамытуды жергілікті әкімдіктер құзыретіне беру қажет. Туристік сервис сапасын жақсарту және сала мамандарын даярлау да маңызға ие», - деді Асхат Оралов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, отандық туризм саласын цифрландыру бағытындағы жұмыс жалғасады.
«Қонақ үйлерді «eQonaq» жүйесімен 100% қамтып, гидтердің қызметін цифрландыру және «Kazakhstan.travel» порталын жаңғыртуды аяқтаймыз. Бұдан бөлек, шетелдік туристер үшін қолайлы климат жасалады. Визасыз елдердің тізімін 100-ге дейін арттыру (2022 жылы – 79 ел) мәселесі және жаңадан тікелей әуе рейстерін ашу жағы пысықталып жатыр», - дейді министр.
05 сәуір 2023 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031