Eqonaq ақпараттық жүйесі

Жүйені SmartBridge интеграциялық порталы арқылы ҚР ІІМ «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесі сервисімен интеграциялау жүзеге асырылды.
Жүйенің 6 негізгі міндеті бар:
Туристік климатты жақсарту;
Орналастыратын орындардың тізілімін құру;
Туристің тіркелуін автоматтандыру;
Көші-қонды бақылауды жақсарту;
BedTax туристік жинқ инфрақұрылымын жасау;
Туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру сервистері
Жүйе ел ішіндегі туристік ағымдар бойынша талдау жүргізуге көмектеседі. Қандай қонақ үйлерді және қай аймақты таңдайтынын білуге болады. Мұндай цифрлық платформалар мен қосымшалар бүкіл әлемде бар, туристік қызметтердің сапасы мен отандық қонақ үйлердің тартымдылығын арттырады.
Жүйеде туристер орналасатын арнайы орындар (қонақүйлер, жатақханалар, демалыс базалары) тіркелген сондай-ақ kazakhstan.travel. порталында қолжетімді, ол жерде туристер бөлмелерге тапсырыс бере алады, ал брондау үшін «eQonaq» қонақүйдің жеке кабинетіне кіреді. Жүйе web-камера немесе смартфон камерасы арқылы 190-нан астам елдің паспорттарын тани алады, жүйеде туристерді тіркеудің 54%-ы осы функция арқылы жүзеге асырылады. Шетелдік туристердің келу мерзімдері заңын сақтау үшін «eQonaq» жеке кабинетінің басты бетінде көші-қон анықтамалығы ұсынылған. Нақты уақыт режимінде жүйе өңірлер бөлінісінде туристік ағын және турист портреті бойынша деректер береді, артықшылықты пайдаланушыларға қолжетімді, тіркелмеген пайдаланушылар үшін басты бетте ай сайын туристік ағын туралы нақты ақпарат бар дайджест жарияланады.