» » «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы: «Күлкі бәріне жарық сыйлайды»

«Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы: «Күлкі бәріне жарық сыйлайды»


1 сәуір – Күлкі күні. Осы датаға орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар МКҚК директоры Эльмира Қанатбаева «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының шығармашылық жұмысы туралы айтты.
-«Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауы 34 жыл бұрын көркемөнерпаздардан құралған. Осы жыл аралығында үзбей халыққа өз өнерін көрсетіп жүр. Отыз жылдығы үлкен масштабта атап өтіліп, республикалық деңгейде байқау өткізілді. Сондай-ақ, «Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауы жылына екі концерттік бағдарлама дайындап, халыққа ұсынады. Көркемөнерпаздардан құрылған бұл отау кәсіби театрлардан кем емес,-деді Эльмира Қожасқызы.
-Биыл Рамазан айына байланысты 1 сәуірде қойылатын концертті 22 сәуірге ауыстырдық. Дегенмен, 1 сәуір күні Мереке-Думан әзіл-сықақ отауының жаңа интермедиясы халыққа әлеуметтік желі арқылы жол тартады. Айта кететін жайт, 22 сәуірде өтетін кештегі басты интермедиямыз «Кореядағы қазақтар» жобасы. Бұған қоса, жуырда Шиеліде болатын дәстүрлі әзіл-сықақ байқауына дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Жеңіспен оралатынымызға кәміл сенемін,-деді «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Мейрамбек Нұртаза.
-1 сәуір елімізде көңілді күн болып саналады. Біздің әзіл-сықақ отауының бір ерекшелігі ойнайтын әзіліміздің бәрін өзіміз жазамыз. Әрқашан қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуге тырысамыз. "Күлкі - өмір, күлдіре білу - өнер, күлкі болу - өлім" демекші, ортамыз әрдайым қуанышқа тола берсін,-деді «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Берік Балтабаев.

31 наурыз 2023 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031