» » Мешіттерде жиналған қаражат қайда жұмсалады – Бас мүфти жауабы

Мешіттерде жиналған қаражат қайда жұмсалады – Бас мүфти жауабы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақадан мешіттерге жиналған ақша қайда жұмсалатынын түсіндірді, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы, пітір садақасы әр мешітке жеке-жеке түседі. Бір жерге ғана түспейді ғой. Қазақстанда қазір 2 700-ден астам мешіт бар. Тұрғындар өздері тұрып жатқан жердегі мешіттерге жеке-жеке береді. Әрине, бір қалаға немесе мешітке қатысты мәлімет керек болса, оның есебін көруге болады және сұраған адамдарға беруге де болады. Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы айтып кеткендей, түкен садақалар жыл бойы мұқтаж жандарға беріліп отырады», – деді Бас мүфти БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ ол мешіттен көмек сұрап келген адамға жәрдем берілмейтін жайттар сирек кездесетінін, оның өзі қаржылық мүмкіндіктермен ғана байланысты екенін айтты.
«Әрине, кей кезде жағдайлар болуы мүмкін. Кей мешіттерде мүмкіндігі болмай, қаражат мәселесі болуы мүмкін. Бірақ бұл өте аз. Өйткені біздегі әр мешіттің тізімі бар. Бір ауылдың мешіті болса, сол ауылдағы жағдайы төмен отбасылардың тізімі мешітте сақталады. Оларға уақытылы көмектер беріліп тұрады», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
27 наурыз 2023 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 747

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930