» » Қамқорлық құшағы кеңейе түспек

Қамқорлық құшағы кеңейе түспек

qarmaqshy-tany.kz АУДАНДА ӘЗ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ. ОҒАН САЙ ТҮРЛІ ІС-ШАРАЛАР, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА. МЕРЕКЕНІ ЕРЕКШЕ КӨРЕТІН ТҰРҒЫНДАР ДА ОТБАСЫНДА НАУРЫЗ КӨЖЕ ПІСІРІП, КӨПКЕ ҮЛГІ КӨРСЕТІП ОТЫР.
Ал, Жосалы кентінде аудан әкімі Жандос Еркінбек Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылып жатқан бірқатар іс-шараға қатысып, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Аудан басшысы алдымен «Қармақшы ата» мешітінде өткен «Наурыз шапағаты» атты қайырымдылық акциясына қатысып, аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау шаралары жүйелі түрде іске асырылатынын айтты. Ыстық ықыласын жеткізе келе тұрмысы әлжуаз, көпбалалы отбасыларға азық-түлік себетін тапсырды.
Одан соң аудан әкімі кент орталығындағы Ерназар Сексенбаев атындағы көше бойында орналасқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесіне барды. Молшылық мерекесінде кент тұрғындарына азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 10- 15 пайызға арзан бағада сатылды. Оның ішінде картоп, жуа, қырыққабат, кондитерлік өнімдер мен мал азығы – табиғи және жоңышқа престері сатылымға шығарылды.
Мерекелік іс-шара одан әрі Жосалы кентінің кіреберісіндегі «Қобыз» монументінде ағаш отырғызу акциясымен жалғасты.
Акцияда аудан басшысымен бірге еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар тал көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мерекеге орайластырылған тазалық акциясында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы көпшілікті жыл басы – Наурыз мейрамымен құттықтап, күн жылып жылт еткеннен бастап бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызу ежелден келе жатқан салт-дәстүр және бүгінгі жастарға көрсетер үлгі-өнеге екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қатысушыларды ауданның санитарлық-тазалығын жақсартуға, көркейтіп-көгалдандыруға үлес қосуға үндеді.
Іс-шара барысында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» дегендей, еңбек ардагерлері акцияға қатысушыларға, елдің болашағы – жастар өкілдеріне аталық батасын беріп, тілектерін жеткізді.
Бұл күні ауданда сенбілік жұмыстары серпін алды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
22 наурыз 2023 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930