» » Байқоңыр қаласында алтын құрсақты ана балаларымен бірге сайлауға келді

Байқоңыр қаласында алтын құрсақты ана балаларымен бірге сайлауға келді


qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласында тұратын 8 баланың анасы Жанат Жүгінісова жұбайы және балаларымен бірге сайлауға келіп, дауыс берді.
Алтын құрсақты ана ел үшін елеулі күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін тілге тиек етіп, отбасымен бірге өз таңдауын жасады.

Балаларды саяси науқаннан қалдырмау – көпбалалы отбасының қағидасына айналған. Себебі «Алтын алқа» иегері осы кезге дейінгі сайлауларда барлығына да балаларымен келген.
Отбасының үлкені кәмелеттік жасқа толып дауыс берсе, кенже балаларға тәттілер үлестірілді.

Бұл күні Байқоңырдағы ғарыш айлағының бірқатар алаңдарында вахталық әдісте жұмыс жасайтын 40-қа жуық ҚР азаматтарына да көшпелі дауыс беру қызметі ұйымдастырылды.
Қызмет бабының ерекшелігіне қарай ғарыш айлағы жұмысшыларына арнайы көшпелі дауыс беру қызметі ұйымдастырылып, ғарыш саласы мамандарының толықтай саяси науқанға қатысуына мүмкіндік жасалды.

Сондай-ақ, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасында 100-ден астам ем алушылар дауыс берді.
Байқоңырда 11 сайлау участогы бар. Онда 21198 сайлаушы тіркелген.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

19 наурыз 2023 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30