» » «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың екінші легі 3 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады. Жылдың соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өткізіледі: 5 маусым мен 7 шілде аралығында, сондай-ақ 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.Сонымен қатар биыл стипендия үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс. Ағылшын тілінде академиялық оқуға түсушілер нәтижесі кемінде 9.0-ден 6.0, тағылымдамадан өтушілер нәтижесі 9.0-ден 5.0 IELTS сертификатын ұсынуы керек.
Жыл басында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуға арналған квоталық санаттар тізімі кеңейтілді. Оқуға түсушілерді қолдау үшін инженерлік-техникалық кадрлар мен медицина мамандары үшін жеңілдіктер енгізілді. Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, «Болашақ» стипендиясы тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында білім алуға ұсынылатын университеттер тізімінен оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
15 наурыз 2023 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 765
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 486

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930