» » «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен әлемдегі жетекші университеттер мен салалық ұйымдарда тағылымдамадан өтетін 25 қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт лекке бөлінген. Құжаттарды қабылдаудың алғашқы мерзімі – 2023 жылғы 9 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында. Қабылдаудың екінші легі 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, үшіншісі – 5 маусым мен 7 шілде аралығында, төртіншісі – 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында өтеді.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
01 наурыз 2023 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30