Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 наурыз күні сізді не күтіп тұр?
Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бөлмесін таза ұстай алмаса, оларды ынталандыру үшін түрлі тәсілдер пайдаланыңыз. Кішкентай аяқ киім сөресін сатып алыңыз, ол жерге қолайсыз ауа райында серуендегеннен кейін былғанып қалған аяқ-киіміңізді қойып қоюға болады. Осылайша кіреберісте тазалықты сақтау әлдеқайда оңай болады.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі. Егер сіздің арқаңыз аздап ауырса, дәрігерге баруды кешіктірмеңіз. Ортопедиялық матрац сатып алуды да қарастырыңыз.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Достарға көңіл бөліңіз, қоңырау шалыңыз немесе хабарлама жазыңыз. Жақын адамдарыңызбен өмірлік жоспарларыңызды талқылаңыз, соның арқасында қателіктердің алдын аласыз. Ақшаға қатысты мәселелерді талқылаудан аулақ болыңыз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңызбен отбасылық мерекелерді тойлау мәселесін алдын ала ойластырыңыз. Туғандарыңызды қуантудан жалықпаңыз.Әріптестермен кофе-брейктерге бейжай қарамаңыз, бұл сіздің мансап бойынша кенеттен көтерілуіңізге себеп болуы мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Достардан көмек сұрау үшін сәтті күн. Олар мейірімділік пен қамқорлық танытады. Олардың мақтауларын қабылдап, көмектерін қабыл алыңыз. Бүгін, әсіресе үй шаруасында абай болыңыз, жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Сапалы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, жұмыста болмашы сәттерді де мұқият талдау керек. Ескі досыңызға кенеттен тосынсый жасау үшін жақсы күн. Достығыңызды қалай бағалайтыныңызды көрсетіп, жақын адамыңызды қуантыңыз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызға идеяларыңыз бен жоспарларыңызды бөлісіңіз. Олар тек қолдау көрсетіп қана қоймай, сенім білдіргеніңізге риза болады. Достардан көмек сұраудан қорықпаңыз, олар сізге көмектесе алады.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін барлық жұмысыңыз өрге жүзеді, бұл мүмкіндікті пайдаланып, күнді барынша тиімді өткізіңіз. Жоспарланған кездесулерді қайта-қайта бұзатын және хабарламаларыңызға қысқа жауап қайтаратын достарды ой елегінен өткізіңіз. Олар сізді бүгінде еш бағаламаса, байланысты тоқтатқан абзал.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жаңа тағам түрін әзірлеп үйренуді ойлап жүрген болсаңыз, іске сәт. Бүгін бұл сіздің қолыңыздан келері анық! Үй жануарыңыз бар болса, оны ветеринарға қаратуды ұмытпаңыз. Байқалмай жүрген ауруын емдетіп алуыңыз әбден мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді аса қатты сынамаңыз: әркім қателесуге құқылы, бұл сізге де қатысты. Жұлдыздар бүгін демалуға кеңес береді: өзіңізге немесе жан серігіңізге жағымды кеш ұйымдастырыңыз, ойлана бермей, сезімге бой алдырыңыз.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Мазалаған мәселелер өткеннің еншісінде қалады. Жеңіл және жайлы күн күтіп тұр : шопинг жасаңыз, романтикалық кешкі ас ұйымдастырыңыз, сүйіктіңізді таң қалдырыңыз. Бүгін екінші жартыңызды немесе сүйіктіңізді өзіңіздің проблемаларыңызбен шаршатпаңыз. Оның өзі де проблемалардан көз ашпай жүруі мүмкін.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Аурудың алғашқы белгілерін сезсеңіз, жұмыстан бір күн сұраныңыз, сонда сіз ұзақ ауырмайсыз және тез жазыласыз. Өзіңіз үшін тамақтану күнделігін бастаңыз: осылайша жеке ас қорыту жүйеңізге теріс әсер ететін тағамдарды, жеке төзімсіздігіңіз бар тағамдарды бақылау оңайырақ болады.
Дереккөз: Нұр.кз