» » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Көктемнің шуағымен бірге шаруаның қызу тіршілігі басталып, ауданда санитарлық-тазалық жұмыстары қарқынды жүруде.
Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын дәстүрлі түрде тазалық айлықтары аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп келеді.
Осы мақсатта, бүгін кент, ауылдық округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, қоғам белсенділері мен ерікті жастардың қатысуымен арнайы кездесу өткіздім.
Баршамызға ортақ мекен – Қармақшы ауданын көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырып, тиісті сала басшыларына тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар бердім.
Дегенмен, бұл тазалық жұмыстары – жалпыхалықтық сипат алмаса, әр тұрғынның өз ауласын, көшесін таза ұстауға ықыласы болмаса, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптаспаса барлық атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі еш болары анық.
«Тазалық – тазаланған жерде емес, тазалық сақталған жерде» дегендей ауданымызды таза ұстау – өз қолымызда.
Ауданның әрбір тұрғыны өзінің ауласының және көшесінің тазалығына жауапкершілігін сезініп, айналасын тазартса, бұл ынтымағымыздың белгісі, береке-бірлігіміздің бастауы болар еді.
Осы иігілікті жұмыстарға барша Қармақшы жұртшылығын қолдау көрсетуге және ауданымыздағы санитарлық-тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырамын!

11 наурыз 2023 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 048
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 713

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031