» » Облыс әкімі қызылордалық аруларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Облыс әкімі қызылордалық аруларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен салтанатты шарада қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Аймақ басшысы Сыр өңірінде нәзік жандарға, әсіресе көпбалалы аналарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
«Өткен жылы «Анаға тағзым» орталығының құрылысы басталды. Биыл мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Орталықта аналарға бағытталған оқулар ұйымдастырылады, психологиялық көмек көрсетіліп, балаларға арналған үйірмелер жұмыс істейді. Отбасы мен аналардың жағдайын жақсартуды көздейтін шаралар атқарылады.
Сонымен қатар, өңірімізде Неке сарайының, Өнер орталығының, Қан орталығының да құрылысы жүріп жатыр. Жыл ішінде 19 жаңа балабақша ашылды. Былтыр «Балалар жылы» аясында демеушілер есебінен қала және аудандарда 1,6 млрд. теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынды. Қызылорда қаласында көпбалалы және аз қамтылған 100 отбасыға пәтер кілті табысталды. Сол жағалаудан Оқушылар сарайын салуды қолға алдық. Бұл – жасалып жатқан жұмыстарымыздың тек бір бөлігі ғана. Осының барлығы облыс халқының тұрмыс сапасын жақсартуға және қолайлы өмір сүруіне оң әсер етеді», - деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шара көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлайтын концертпен жалғасты. Жергілікті эстрада жұлдыздары әсем ән шырқады, мың бұралған бишілердің өнері де көктем мерекесінің ажарын аша түсті. «Бала бақыты» би композициясын орындаған бүлдіршіндер залдағы аналарға құттықтау хаттарын табыстады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 141 мыңнан аса отбасы, 48 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 17 мыңға жуығы – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері.
Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің 37,4 пайызы, медицина қызметкерлерінің 87 пайызы, педагогтардың 78,3 пайызы – әйелдер, бюджеттік сала қызметкерлерінің 62 пайызын қыз-келіншектер құрайды.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 наурыз 2023 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031