Мәслихаттар сайлауы
» » Бір ай көлемінде республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады

Бір ай көлемінде республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады


Облыста 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынла жүктемесі 8 тоннадан артық ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова хабарлады.
-Біздің өңір 5 жол-климаттық аймаққа жататындықтан бұл шектеу жыл сайын 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жүргізіліп келеді. Қаулы «ҚР автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» бұйрығы арқылы бекітілген. Алайда жолаушылардың халықаралық тасымалдары, төтенше жағдайлар департаментінің көліктік техникалары, азық-түлік тасымалдайтын жүк көліктер, дәрі-дәрмек тасымалы, ҚР Қарулы күштері және әскери қызметтің көліктеріне аталған шектеу қойылмайды. Дегенмен ерекше ескеретін жайт, республикалық маңыздағы жолдарда өтетін ауыр жүк көліктері белгіленген салмақтық параметрінен асқан жағдайда № 162 бұйрықта көрсетілген ережеге сәйкес айыппұл салынатын болады. Сонымен қатар алым соммасы салмақтық көрсеткіштер негізінде алынып есептеледі, - деді Гүлмира Жұмағалиқызы.

@ Өңірлік коммуникациялар қызметі

05 наурыз 2023 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30