» » Ауданда компьютерлік томография аппараты халық игілігіне пайдалануға берілді

Ауданда компьютерлік томография аппараты халық игілігіне пайдалануға берілді

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында аудандық орталық ауруханада ашылған компьютерлік томография кабинетінің ашылу салтанатына қатысты.
Аудан басшысы алғы сөзінде медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуды басты назарда ұстайтынын айтты. Сондай-ақ, Ұлт саулығы – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі екендігін жеткізе келе халық денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.
Аудан ардагерлері де көпшілік үшін қуанышты жаңалықтың куәгері болып, аудан әкімімен бірге томография кабинетінің лентасын қиып, құрылғының жұмыс жасау барысын тамашалады.
Осы уақытқа дейін аудан тұрғындары томография қызметін алу үшін облыс орталығына баратын болса, бүгіннен бастап аудандық орталық ауруханаға жүгінетін болады.

https://www.instagram.com/p/CpWyLaDKX8X/?utm_source=ig_web_copy_link

04 наурыз 2023 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930