» » Медициналық жоғары колледжіне - 95 жыл

Медициналық жоғары колледжіне - 95 жыл


Биыл Қызылорда медициналық жоғары колледжінің құрылғанына 95 жыл толуда. Ғасырға жуық тарихы бар іргелі оқу орнын бүгінге дейін 40 мыңға жуық маман бітірген. Еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген колледж түлектері бүгінде ел медицинасының дамуына зор үлес қосуда.

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет білімнің қара шаңырағы атанған колледждің мерейтой аясында «Шын жүректен, мың алғыс!» атты «Алғыс айту» мерекесіне арналған салтанатты шарасына қатысып, мерейтоймен құттықтады.

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен және колледждің 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Есімі тек Сыр еліне ғана емес, республикаға танымал болған Ернияз Омаров, Шәріпбай Әлназаров, Варлен Исаев, Базарбай Атабаев сынды дәрігерлердің халық денсаулығын жақсартудағы еңбегі ұшан-теңіз болғанын атап өткен жөн. Бүгінде осы оқу орнында 2 мыңнан астам студент білім алуда. Биылдың өзінде 391 түлек үлкен өмірге қадам басады. Күні ертең осы бітірушілердің медицина саласының жақсы мамандары болатынына сеніміміз мол. Колледж директоры Салтанат Сейітқалиқызы бастаған ұжымға ауызбірлік, ынтымақ тілеймін!, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Мерекелік кеште колледж тарихы мен жетістіктері, білім беру ұйымын басқарған басшылары және ұстаздардың еңбек жолдары туралы сыр шертілсе, колледж студенттері өз өнерлерін көрсетті.

Жиын соңында колледж оқытушылары мен үздік студентер облыстық білім және денсаулық сақтау басқармасы басшысыларының “Құрмет” грамотасы және “Алғыс хатымен” марапатталды.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

01 наурыз 2023 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031