» » 120 орындық «Жеті қазына» жеке балабақшасы ашылды

120 орындық «Жеті қазына» жеке балабақшасы ашылды

Бүгін аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлының қатысуымен Жалағаш кентіндегі «Жеті қазына» жеке балабақшасының ашылу рәсімі өтті.

«Білімге құйылған инвестиция болашақтың игілігі жолындағы оң қадам. Осы тұрғыда білім саласына жанашырлық танытып бабалақша салған кәсіпкерге алғыс білдіреміз. Жалағаш кентінде салынған бұл балабақша 2 мен 6 жас аралығындағы 120 бүлдіршінді қабылдай алады. «Жеті қазына» ауданымыздағы көлемді балабақшалардың бірі. Жалағаштың өркендеуі жолында тың жобаларды жүзеге асырған меценаттармен біз мақтанамыз».-деді А.Есжанов

Бүгінгі күні «Жеті қазына» балабақшасы мекемесінде 18 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 10 педагог, 8 техқызметкер. Қазіргі таңда 2-6 жас аралығында 80 бала қабылданды.

Жалағаш ауданы бойынша ана мен балаға айрықша көңіл бөлініп, бүлдіршіндеріміздің алаңсыз өмір сүруіне барлық жағдай жасалып келеді.
24 ақпан 2023 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 671

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031