Құрылтай
» » Мамандықты дұрыс таңдауға бағыттайтын кездесу болды

Мамандықты дұрыс таңдауға бағыттайтын кездесу болды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық білім бөлімінің "№28 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің АӘТД жетекшісі Оспанов Абай Амантұрұлы 10-11 сыныптың ер балаларының қатысуымен әскери оқу орындарынан келген курсанттармен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің кіріспе бөлімінде А.Оспанов 2020-2021 оқу жылындағы мектеп түлектері, қазіргі әскери курсанттар - Ахат Бекзатхан мен Өтеш Ділмұхамедті таныстырып, әскери салаға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды айтып өтті.
Кездесудің екінші кезеңінде Ақтөбе қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бегелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты Ахат Бекзатхан Алмасбекұлы өзі оқып жатқан оқу орнындағы күн тәртібі мен тәрбиелік іс-шаралар, спорттық сала бойынша мүмкіндіктер, қоғамдағы маңызы мен т.б мәселелер жөнінде кеңінен мәлімет берді.
"ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы" ММ-нің ІІ курс курсанты Өтеш Ділмұхамед Жанболатұлы да өз кезегінде төтенше жағдайлар жөніндегі оқу орнының барлық ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шынайы, әсерлі өткен кездесу соңында курсанттар мен оқушылар естелік суретке түсті.
13 ақпан 2023 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31