» » Жас курсант

Жас курсант

Соңғы кездері «жігіттің көбі Отан қорғауға жарамсыз» немесе  «әскерге барғысы келмейді», «соғыс болса бізден ерлер шықпайды-ау»  деген әңгімелер жиі айтылып жүр. Кейде расымен солай ма деген ойға қаласыз. Алайда әрбір мақаламызға кейіпкер іздеп, оның жан сырын ақтарғанда барлығы керісінше екеніне көз жеткізіп келеміз.
Солардың бірі – Бекзатхан Ахат. Ол Ақжар ауылында 2004 жылы дүниеге келген. №28 мектептің түлегі. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері институтының І курс курсанты. Мектепте білім алып жүрген кезінде, өзінен жоғары сыныпта оқыған, кейін әскери оқу орындарына түскен ағалары мектепке келіп, кездесу ұйымдастырып, өздері оқитын оқу орындары жайлы айтып жүретіні де әсер етсе керек. Алдыңғы буынға қарап ол да әскери адам болсам деген арманын бірінші орынға қойды.
Ол білім алып жатқан институт талай талаптылардың қанатын қомдап, нағыз елжанды азаматтарды тәрбиелеуде. Иә, «ұшуды орындаудағы нәтиже жердегі сапалы қызметке байланысты». Бұл – инженерлік-техникалық құрамның ұраны. Жан-жақты қамтамасыз етілмей бірде-бір ұшақ әуеге көтерілмейді, авиациялық зымыран немесе бомба іске қосылмайды. Техникаға дұрыс және толық техникалық қызмет көрсетпеу салдары қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Сондықтан институт курсанттардың жақсы теориялық білім алуына және тағылымдама барысында авиациялық техникада жұмыс істеу кезінде іс жүзінде дағдыларды жақсы меңгергеніне ұдайы қырағы болып отырады. Жауынгерлік тапсырманы нәтижелі орындау ұшақтың, тікұшақтың ұшуға сапалы дайындығына тікелей байланысты. Мұнда курсанттар офицерлерден бірегей тәжірибе алып, жеке құраммен сабақ өткізу әдістемесін үйренеді. Солардың қатарында жүрген жерлесіміз Бекзатхан Алмасбекұлына біз де сәттілік тілейміз. Елін қорғар, айбынды ұрпақ – Отанына адал қызмет етсін!
Айнұр ӘЛИ
07 мамыр 2022 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031