» » "Біз таланттыларды іздейміз!"

"Біз таланттыларды іздейміз!"

qarmaqshy-tany.kz Ш.Уәлиханов Атындағы Орта Мектептің 6-8 сынып оқушылары арасында "Біз таланттыларды іздейміз!" атты өнер фестивалі өтті.
Фестивальді мектептің "Жас ұлан" ұйымының жетекшісі Куралай Транова ұйымдастырып, аудандық емханадан Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының психологы Әмина Кетебаева, медбикесі Мереке Бекова Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Дариха Құлмырзаева ,әуез пәнінің жетекшісі Баян апайлар қатысып, төрелік етті.
5 түрлі бағыт:
1) Патриоттық ән
2) Мәнерлеп оқу
3) Әдеби көрініс
4) Би
5) Қалдық заттарды пайдаланған өнер туындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша, "Үздік сынып", "Талапты жас" мадақтамаларымен марапатталды. Өз кезегінде ЖДО және СӨСҚ мамандары белсенділік танытқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтарын таратты.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға сала отырып,бос уақыттарын өздерін дамытуға, бойындағы шығармашылық қасиеттерін шыңдауға, ұжымдық,қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға дағдыланады. Сонымен қатар,өзіне сенімділікті арттырып,алға қояр мақсатын айқындай түседі. Бала жасынан біліммен қоса тәрбиені бойына қоса сіңіруде аянбай еңбек ететін ұстаздар қауымына қажымас қайрат,табанды еңбек,жоғары біліктілік тілейміз.
Жастарымыз - болашақ мамандар!


10 ақпан 2023 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031