» » Үшжақты меморандум жасалды

Үшжақты меморандум жасалды

Өңірде білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша облыстық білім басқармасы мен білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағымен үшжақты меморандум жасалды.

Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – білім беру ұйымдарында заңнамалардың, педагог әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету және сала қызметкерлерінің әлеуметтік - экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін келісімге келді.

Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет үшжақты келісім аясында сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда атқаратын жұмыстардың көп екенін айтты.

Аталмыш меморандум арқылы білім беру мекемелері мен ұйымдарында еңбек заңдылығының сақталуына жоспарлы қоғамдық бақылау жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңында айқындалған педагогикалық әдепті сақтау принциптері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, педагогикалық әдептің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар енгізетін боламыз, - деді басқарма басшысы.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

07 ақпан 2023 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 264
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031