» » Оқушылар арасында сайыс болып өтті

Оқушылар арасында сайыс болып өтті

qarmaqshy-tany.kz С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде «Болашақ» мектеп парламентінің «Еңбек және ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет» фракциясының жетекшісі 10 сынып оқушысы А.Аманқосованың ұйымдастыруымен «Табиғат – сенің өз үйің» тақырыбымен 5 – 6 сынып оқушылары арасында сайыс болып өтті. Сайыс барысында оқушыларға ел экологиясы жайлы түрлі сұрақтар қойылып, еліміздің экологиялық жағдайлары туралы мағлұматтармен пікір алмасу жүргізілді. Оқушыларға тақырып көлемінде бейнефильмдер көрсетіліп, экологиялық жағдайларды болдырмау жөніндегі пікірлері тыңдалды. Оқушылар топтарға бөлініп, тақырып көлемінде постер қорғап, экологиялық проблемаларды жеңу жолдарын ұсынып, нақты дәлелдемелер келтірді. Сайыс өте қызықты өтті, сайыс қорытындысында 5 сынып оқушылары жеңіске жетті.
03 ақпан 2023 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 025
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 249

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031