» » Алатау баурайындағы тартысты жарыс

Алатау баурайындағы тартысты жарыс

qarmaqshy-tany.kz ХХІ ғасырда ғылым мен білім саласында жаңа технологияның жетілуі және адамзатты дамытудың жаңа деңгейіне жетелеуде роботөндірісі маңызды рөлге ие.
Осы ретте қасиетті Қармақшы өңірінде робототехниканың қыр-сырын меңгеруге жасөспірімдерді білім нәрімен сусындатып келе жатырған №105 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеков Нұржанды атап айтуға болады.
Алатау баурайында Алматы қаласында өткен республикалық робототехника турнирінде жүлделі орынды иеленген шәкірттері талайды таңдандырып келді.
Бүгінгі таңда №105 мектеп-лицейінің таңдаулы шәкірттерінен құралған командада 11-сынып оқушысы Алтаев Айбол, 9-сынып оқушылары Жақсылықов Диас пен Тұрсынбаев Бекзат, 8-сынып оқушысы Слам Мәди бірнеше робототехникадан республикалық байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр.
Алдағы кезеңдерде де Нұржанның жас шәкірттері талайды таңдай қақтырып, жүлделі орындарды иеленіп, робототехника өндірісіне өздерінің зор үлесін қосатынына сенімдіміз.
Сонымен бірге қазіргі таңда Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі ІТ инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған білім беру ордасы саналады.

27 қаңтар 2023 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 881
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30