Мәслихаттар сайлауы
» » ҰБТ-дан жоғары балл алған талапкерлер қай университеттерді таңдайды

ҰБТ-дан жоғары балл алған талапкерлер қай университеттерді таңдайды

Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған талапкерлердің қай университеттерді таңдайтыны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген Қазақстан ЖОО-ларының 2022 жылғы рейтингінде жазылған.
«ҰБТ-дан жоғары балл жинаған талапкерлер ең көп баратын жоғары оқу орындары келесідей: Қазақстан-Британ техникалық университеті (104 балл), Астана медицина университеті (101 балл), С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (94 балл)», – деді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Керісінше, мына ЖОО студенттерінің ҰБТ-дан жинаған орташа балы ең төмен болған: Қазақ қатынас жолдары университеті – 50 балл; Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты – 50 балл; Ж.Тәшенов атындағы университет – 48 балл; Қызылорда технология және қызмет институты – 22 балл.
Сонымен қатар, талапкерлердің 85% – ҰБТ-ны екі рет, 4% – үш рет және тек 11% ғана – бір рет тапсырған.
25 қаңтар 2023 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30