» » Облыстан Сенат депутаты сайланды

Облыстан Сенат депутаты сайланды

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысынан Сенатқа депутат болып Руслан Рүстемұлы баратын болды. Ол 14 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Сенаты депутатын сайлауда 95 дауыс (67,4%) жинап, басымдыққа ие болды.

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, облыстан 3 кандидат тіркелген. Дауыс беруге 141 адам қатысқан. Дауыс беру нәтижесімен Жорабек Нұрымбетов 18 дауыс, Руслан Рүстемов 95, Асылбек Шәменов 27 дауыс жинады.
Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, қала әкімінің баспасөз хатшысы, қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2002-2008 жылдары облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2010-2019 жылдары облыстық тілдерді дамыту, облыстық ішкі саясат басқармаларының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды.
Өткен жылдың сәуір айынан бастап облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.
Аймағымыздың рухани-әлеуметтік дамуы жолында жауапкершілікпен жұмыс істеп, мемлекеттік қызметтің сан саласын меңгерген Руслан Рүстемұлы Сенатта да ел жүгін жоғары жауапкершілікпен, нық сеніммен алып шығатынына сенім білдіреміз.
"Қт" ақпарат
17 қаңтар 2023 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031