» » Қызылордада сенат депутатын сайлау басталды

Қызылордада сенат депутатын сайлау басталды

Бүгін барлық өңірлерде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны өтуде. Сыр өңірінде дауыс беру рәсімі басталды.
Сайлауға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары дауыс беруге қатысуда.
Айта кетейік, Қызылорда облысынан 3 үміткер сайлауға түсті. Олар – «ҚазСуШар» РМК филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.
Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.
Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер тiркелдi.
Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.
14 қаңтар 2023 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930