» » Екібастұздық оқушылар демалыстан оралып жатыр

Екібастұздық оқушылар демалыстан оралып жатыр

qarmaqshy-tany.kz Екібастұз қаласының оқушылары қысқы демалыстан үйлеріне қайтып жатыр.Қазақстанның әртүрлі шипажайында өткен демалысты «AMANAT» партиясының мүшелері ұйымдастырды. 1 мыңнан астам бала бос уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, құрбы-құрдастарымен танысып, жаңа оқу тоқсаны қарсаңында күш-қуат жинады.Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының волонтерлері мен белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысқан болатын. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Аманаттықтар аталған көмекпен шектеліп қалмай, балалардың қысқы демалысын ұйымдастырды.
50 оқушыдан тұратын топ қысқы демалысын Түркістан облысындағы «Бәйшешек» лагерінде өткізді. Партиялықтар оларға арнап тартымды да қызықты бағдарлама ұйымдастырды: спорттық жарыстар, тауға сапар, Түркістанның киелі орындарына экскурсия. Балалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Farab кітапханасына, «Керуен сарай» орталығына және тағы да басқа орындарға барды.
«Маған Түркістан қаласы тұрғындарының қонақжайлылығы өте ұнады. Өскенде осы шаһарға көшіп келемін деп шештім. Түркістан өте әсем қала. «Алтын Самұрық» театры да ұнап қалды. Сонымен қатар, біз Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бардық», – деді Мақсат Құмарбек есімді мектеп оқушысы.
Алматыда Іле Алатауының етегінде орналасқан «Қазақстан» шипажайында Екібастұз қаласынан келген 30 бала демалды. Партиялықтар оларға арнап көрікті жерлерде экскурсия ұйымдастырды. Балалар цирк қойылымын тамашалап, «Медеу» мұз айдынында коньки тепті.«AMANAT» партиясының мүшелері Павлодарға келген оқушылар тобын да қарсы алды.
«Оқушылар шаттық сезімге, таңғажайып әсерге бөленді. Балалар жақсы демалып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Біздің мақсатымыз қысқы демалыс кезінде балаларды уайымнан арылтып, денсаулығын нығайту болды. Осы уақыт аралығында әрбір балақай үшін алаңдап отырдық», – деді «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Мұхамедьярова.








11 қаңтар 2023 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930