» » Қызылорда облысында мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 2023 жылы 83,7 млрд. теңге бөлінді

Қызылорда облысында мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 2023 жылы 83,7 млрд. теңге бөлінді

Бөлінген қаржының 16,7 млрд. теңгесі мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, 63,9 млрд. теңгесі орта білім беру ұйымдарына, 3,1 млрд. теңгесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бағытталып отыр.

2020 және 2023 жылдарды салыстыратын болсақ, педагогтердің еңбекақысын көтеруге және оларға үстемақы төлеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 4 есеге өскен.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. 2021-2023 жылдардың қаңтарында олардың жалақысы да тағы 25%-ға өсті. Сәйкесінше, жылдан жылға білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, яғни тәрбиешілердің, мектептер мен колледждер педагогтерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының еңбекақысын арттыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді. Сондай-ақ олар біліктілік санаты (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерін), магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы алады», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ернат Алпысбаев.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

11 қаңтар 2023 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 327
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930