» » Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы өсті

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы өсті

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, колледж мұғалімдерінің, әдіскерлердің, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы 25 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріліп келеді. Осылайша, қазіргі таңда мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті.
«Президенттің қолдауының арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз жемісін беруде. Бұл мамандыққа университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың білім алуына жақсы әсер етеді», деді Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Еске салайық, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан кейін қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін де қосымша ақы қарастырылған. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап кадр тапшылығы бар өңірлерге тартылған мұғалімдерге лауазымдық жалақысының 150 пайызы мөлшерінде қосымша төлем белгіленді.
Айта кетерлігі, мұғалімдердің жалақысы білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, оқу жүктемесіне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептеледі.
06 қаңтар 2023 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031