Мәслихаттар сайлауы
» » Газға қосылу үшін құжат алу тәртібі өзгерді

Газға қосылу үшін құжат алу тәртібі өзгерді

Kyzylorda-news.kz. Газға қосылу кезінде бірінші құжатты алу тәртібі жеңілдетілді. Енді техникалық шарттар тегін және онлайн режимде беріледі, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«Техникалық шарттарды алуға өтінімді онлайн режимінде – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ компанияның өңірлердегі өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша беруге болады», - деп жазылған хабарламада.
Министрлік өтініш өңделгеннен кейін дайын техникалық шартты SMS хабарлама түрінде жолданған сілтемеден жүктеп алуға болатынын түсіндірді.
«Техникалық шарттарды бергені үшін ақы талап етсе, сондай-ақ компания қызметкерлерінің заңсыз және сыбайлас жемқорлық белгілері бар әрекеттерінің басқа да фактілері анықталса хабарлауды сұраймыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірыңғай байланыс орталығына 5169 телефоны немесе +7 777 121 26 26 нөміріндегі мессенджерлер арқылы жазып, қоңырау шалуға болады. Қазақстан аумағынан қоңырау шалу тегін», - деді министрліктегілер.
10 қаңтар 2023 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30